Қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевке қатысты тергеу қалай жүріп жатқанын айтты.
"Ол ақпараттық жүйені құруға бөлінген 500 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаржысын талан-таражға салды деген күдікке ілініп отыр. Сот санкциясымен ол қамауға алынды, тергеу жүріп жатыр", - деді ол.
Сондай-ақ, комитет төрағасы Әбішев бұл қылмысты 2018 жылы, коронавирус пандемиясына дейін жасағанын жеткізді.
Еске салайық, Олжас Әбішев 2018 жылы денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған. Ол цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік еткен. Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Алик Шпекбаев екі министрліктің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қылмыстық іс қозғалғанын айтқан болатын.