ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн баспасөз конференциясында қашықтан оқытуға бөлінген қаражат туралы айтты.
Біреу қашықтан оқытуға 70 миллион доллар бөлінген дейді. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі қашықтықтан оқыту тек биылдан бастап, яғни сәуірден бастап енгізіле бастады. IV тоқсанда қашықтан оқытуға бюджеттен қаражат бөлінген жоқ. Отандық интернет-платформалар өздерінің барлық ресурстарына ақысыз қолжетімділікті ашты. Төтенше жағдай болды, әріптестердің көмегіне жүгіндік, олар кері байланыс жасады, - деді министр.
Сонымен қатар, теледидар сабақтары да тегін түсірілетінін және тегін көрсетілетінін айтты.
Қазіргі уақытта 1 қыркүйектен бастап "Хабар" телеарнасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен телевизиялық сабақтарды түсіріп жатыр. Несиеге қатысты 2014 жылы депутаттар ол туралы шешім қабылдады және 2018 жылы оны қолдады. Енді жұмыстар басталды. Дегенмен жоба іске асырылатын кезде осы жобаның жоспары мен бағдарламасы, белгілі бір ережелер мен Дүниежүзілік банктің қосымшасы болады. Осы жоспарға сәйкес компьютерлерді сатып алу 2021 жылға жоспарланған болатын. Тиісінше, бұл қаражат бюджетте болған жоқ. Дегенмен, наурыз айында бізге үлкен көлемдегі құрал-жабдықтар қажет екендігі белгілі болғанда біз Дүниежүзілік банкке жүгіндік, бірақ ережеге сәйкес, бұл 9-дан 12 айға дейін созылатын халықаралық конкурстық сауда-саттық. Жалпы, әкімдіктер компьютерлерге қаражат бөлгендігін ескеріп, бұл шараларды алып тастау туралы шешім қабылданды, - деп айтты Асхат Аймағамбетов