Қашықтан білім беру мен мектептерді цифрландыру саласына бөлінген қаражаттың игерілуін тексеру қажет.
Жіберілген олқылықтар үшін жауапты тұлғалар жазаға тартылуы тиіс. Бүгін Мәжілісте бірқатар депутат Үкімет басшысы Асқар Маминге осындай ұсыныспен шықты.
«Ақ жол» партиясының өкілі Дания Еспаева соңғы жылдары сала жұмысына қырауар қаражаттың бөлінгенін айтып, түпкілікті нәтиже көңіл көншітпегенін алға тартты. Оның үстіне, белгісіз себептермен Дүниежүзілік банктен бөлінген қаражат та игерілмей отыр.
Сол секілді депутат Жәмилә Нұрманбетова да білім саласындағы электронды жүйелерді тиімсіз деп атап, осы мақсатқа бөлінген қаражаттың мақсатсыз жұмсалғанын жеткізді. Депутаттардың шағымына енді Үкімет өкілдері жауап беруі тиіс. Ал Есеп комитеті мен Қаржы министрлігің қаржылық бақылау комитеті бюджеттің игерілуін тексереді.