Елімізде бір тәулік ішінде 35 адам індет құрбаны болды. 12 адам коронавирус белгілер бар пневмониядан, ал 23 адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.
1-тамыздан бастап коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониядан 164 адам, ал пандемия басталғалы коронавирус инфекциясынан 1 269 адам қайтыс болған.
Өткен тәулікте 741 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталып, 159 адамның пневмонияға шалдыққаны тіркелген.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда коронавирус инфекциясын 99 442 адам жұқтырса, 72 523 науқас дертінен айыққан.