Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин бүгінгі Үкімет отырысында коронавирус пандемиясының кезекті толқынына дайын болу қажеттігін айтып, тапсырма берді.
«Бүгінде әлемдік статистика коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны бойынша 126 мемлекетте көрсеткіш өсімі бар екенін алға тартып отыр. Біз де осындай қауіпке алдын ала дайын болуымыз керек. Сақтану мақсатында барлық шараларды қатаң орындап, үздіксіз қадағалау шарт. Ералы Лұқпанұлы, осы мәселені басты назарға алыңыз», - деді Мамин.