Қазақстандағы коронавирус бойынша 30 шілде 23:59-дағы эпидемиологиялық ахуал жарияланды. Қазақстанда өткен тәулікте 1414 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 627 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.
Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 232 / 132
Алматы қаласы - 218 / 106
Шымкент қаласы - 30 / 10
Ақмола облысы - 53 / 27
Ақтөбе облысы - 17 / 6
Алматы облысы - 63 / 20
Атырау облысы - 67 / 37
Шығыс Қазақстан облысы - 187 / 80
Жамбыл облысы - 49 / 22
Батыс Қазақстан облысы - 74 / 45
Қарағанды облысы - 101 / 22
Қостанай облысы - 66 / 28
Қызылорда облысы - 55 / 37
Маңғыстау облысы - 39 / 17
Павлодар облысы - 73 / 21
Солтүстік Қазақстан облысы - 61 / 3
Түркістан облысы - 29 / 14
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 89078. Ал дертіне дауа тауып, жазылып шыққандар саны – 57 815 адам. Өкінішке орай, 793 қазақстандық коронавирус инфекциясынан қаза тапты.