Белгілі инсайдер Ербол Еділов өзінің Telegram арнасында Елбасының күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың азамат ретінде 2015-2020 жылдары қанша теңге салық төлегенін хабарлады.
Бұл мәлімет ҚР Бас прокурорының міндетін атқарушы Ерлік Кененбаевтың Мәжіліс депутаты Павел Казанцевтің сауалына берген жауабынан белгілі болған.
«Қаржы министрлігі жеке тұлға ретінде Т. Құлыбаевтың 2015-2020 жылдарға салық төлегені туралы ақпарат берді. Жылдық декларациялар негізінде жеке табыс салығы бойынша кірістердің жалпы сомасы 12,195 миллиард теңгені құрады. Осы кезеңдегі жеке тұлғалардан түсетін салық көлемін талдау көрсеткендей, бұл салық төлеуші Қазақстандағы ең ірі 50 салық төлеуші жеке тұлғалардың рейтингісінде бірінші орында», - деді Кененбаев.