Қажетті дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі елдің ұлттық қауіпсіздік жүйесіне елеулі қауіптер туғызды.
Кейбіреулер үшін ауру - бұл дұрыс дәрі-дәрмек таба алмау және жақын адамдарынан айырылу, ал басқалары үшін бұл - баю, өз отандастарынан қолма-қол ақша табудың тәсілі. Әлеуметтік желілерде төтенше жағдай кезінде Қазақстан алған гуманитарлық көмек, сонымен қатар дәрі-дәрмектердің жасанды жетіспеушілігі және олардың қымбаттап тұрған бағамен алыпсатарлық сатылымы туралы хабарламалар тарала бастады.
Әрине, бұл жағдай Мемлекет басшысының назарынан тыс қалмады.
"Біз қазір соғыс үстіндеміз. Сондықтан әр басшыдан мәселелерді шешуде мүмкіндігінше тиімді шешім қабылдау талап етіледі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент құқық қорғау органдарынан нақты шешімдер мен әрекеттерді талап етті. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналымын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратына жүктелді.
Бірден бүкіл елде фармацевтикалық ұйымдар қызметіне дәрі-дәрмектерді бөлшек саудада сатудың шекті бағалары туралы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығының талаптарының сақталуына тексеру жүргізіле бастады.
Он бір күн ішінде, 5-16 шілде аралығында Қаржы министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің және ҰҚК Шекара қызметінің экономикалық тергеу қызметі дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатуда 396 құқық бұзушылықты анықтады, олардың 76-сы Қылмыстық кодекстің баптарына жатады.
Қаржы министрлігінің Экономикалық тергеу қызметі коронавируспен күрес үшін бөлінген аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.
Сонымен қатар, Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты мен Президент Әкімшілігінің бірлескен бастамасы бойынша құқық қорғау органдары CVI-мен күресуге бағытталған шетелдік гуманитарлық көмектің мақсатты және тиімді пайдаланылуын тексеруді бастады.