Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой егер коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны арта түссе 4 мың жасанды тыныс беру аппаратын сатып алуға мүдделі екенін жеткізді.
«Бүгінде 1 553 жан сақтау орынында 966 ӨЖЖ аппараттары бар. Ұлттық денсаулық сақтау орталығының болжамына сәйкес, елімізде жалпы саны 6 365 жан сақтау кереуеті мен 4 092 ӨЖЖ аппараты қажет болуы мүмкін. Ең ауыр деген ахуалға дайын болу үшін 4 092 аппарат сатып алу қажет», - деді Цой.
Министрдің айтуынша, құны 5,5 млрд теңге болатын 460 аппаратты Бүкіләлемдік банктен алған қарыз есебінен, құны 4,9 млрд теңге болатын 409 аппаратты жергілікті әкімдіктер бюджетінен, құны 38,7 млрд теңге болатын 3000 аппаратты үкімет резервінен алуға болады.
Сонымен қатар, 3000 аппаратты отандық өндірушілерден сатып алу жоспарланып отыр. тамыз айының басында отандық өндіріс өнімі (аппараттар) қолданысқа шығады. Алғашқы лектегі 595 аппарат денсаулық сақтау ұйымдарына пайдалануға берілмек.