Карантин мен мұнай бағасының құлдырауы републикалық бюджет кірісінің төмендеуіне алып келді. 2020 жылғы республикалық бюджет кірісі 1,7 триллион теңгеге бағаланып отыр. бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы айтты.
«Қазір бюджеттің тұрақтылығы Ұлттық қор арқылы жүзеге асып отыр. Биыл Ұлттық қордан алынған ақша көлемі 4,7 триллион теңгеге дейін өскен. 2021 жылдан бастап Ұлттық қордан алынатын ақша тек мақсатты түрде жұмсалуы тиіс. Ол ақша әлеуметтік мәселелер мен инфраструктуралық дамуға жұмсалады», - деді президент.
Оның айтуынша қазір қажетсіз ресурстарды қысқарту арқылы бюджетті тұрақтандыру, қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асып жатыр.
«2021 жылғы бюджет шығындарын азайту жұмыстары басталды. Бұл жолы шығынды 1,6 триллион теңгеге қысқарту жоспарланып отыр. қазіргі жағдайда бұл көрсеткіш те қанағаттандырады», - деді Тоқаев.