Мемлекет басшысының қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев жиынды ашып, отырыс барысында коронавирус инфекциясына қарсы күрес барысында қолданылып жатқан шаралар туралы, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында мәселелер көтерілетінін айтты.
«Жыл басынан бері ұлттық экономика қиын жағдайға душар болды. Жалпы ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Ал қызмет көрсету саласы пандемия кесірінен 5,6 пайызға құлдырады. Біз халық пен бизнесті қолдау мақсатында өте маңызды шаралар қолдандық, менің бұйрығыммен экономикалық өсімді қалпына келтіретін кешенді жоспар жасалды. Бүгін біз үкіметтің және әкімдердің халық пен экономиканы көтеру мақсатында жасаған жұмыстарын талқылаймыз», - деді ол.
Асқар Мамин елдің әлеуметтік-экономикалық даму ахуалы жайында, Ерболат Досаев қаражат мәселесі туралы, Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы баяндама жасайды.