ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар санитарлық-эпидемиологиялық міндеттерді бекітіп, коронавирустың таралауының алдын алу мақсатында жүргізілуі тиіс шараларды көрсетті. Егер аталған талаптар орындалмаса айыппұл арқалауыңыз ғажап емес.
Ұйымдар үшін:
- дене қызуын өлшейтін құрылғылар болмаса;
- кіреберісте санитайзерлер болмаса;
- жеке гигиена заттары (сабын, антисептик) болмаса;
- жұмыс орынында антисептиктің болмауы;
- жұмыс кестесі болмаса;
- бактерияларды өлтіретін лампалар мен рецеркуляторлар болмаса;
- қорғаныс заттары (маска, қолғап) уақытында ауыстырылмаса;
- дүкендерде 1 метр арақашықтық сақталмаса;
- қызмет көрсететін орындарда алдын ала жазылу арқылы қабылдамаса;
- қоғамдық тамақтану орындарында 1 метр арақашықтық сақталмаса;
- қызмет көрсету саласында 2 метр арақашықтық сақталмаса;
- қоғамдық көлік жүргізушілерінде маска мен қолғап, антисептик болмаса айыппұл салынады.
Азаматтар үшін:
- жабық ғимараттар мен қоғамдық көліктерде маскасыз жүрсе;
- қоғамдық орындарда 1 метр арақашықтық сақтамаса;
- 3 адамнан артық жиналып жүрсе айыппұл салынады.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 425-бабы бойынша азаматтарға аталған талаптарды орындамаған жағдайда 30 АЕК (83 340 теңге) айыппұл салынады.
Кәсіпкерлер үшін:
Шағын бизнеске – 230 АЕК (638 940 теңге).
Орта бизнеске – 310 АЕК (861 180 теңге).
Ірі бизнеске – 1600 АЕК (4 444 800 теңге.