Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты неліктен өзінің ізбасары ретінде мемлекет басшысы етіп сайлағанын айтты.
Ол дипломат ретінде танымал, мен оны БҰҰ-ға Бас хатшының орынбасары етіп ұсындым. Ол ұзақ жылдар бойы Сыртқы істер министрі болып жұмыс істеді, менімен бірге елдің сыртқы саясатын жүргізді. Сенат төрағасы ретінде заң шығарушылық жұмысын біледі. Жақсы қарадым. Жоғары адами қасиеттер, зияткерлік қабілеттері бар, деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы атап өткендей, қазір Тоқаев кейбір шешімдер қабылдау кезінде онымен кеңеседі.
"Қателеспеу үшін мен үлкен тәжірибеммен бөлісуге тырысамын. Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде мен Қазақстанның дамуының стратегиялық бағыттарын қадағалап отырамын және «Нұротан» партиясының жетекшісі ретінде мен саяси жүйенің демократиялық жолмен дамитынына сенімдімін", - деді ол.