Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жұмыссыз қалған қазақстандықтарға ұсыныстарын айтты.
«Санитарлық дәрігерлердің шешімі бойынша барлық аудандар жұмыс істей бастады. Кейбір аймақтарда жұмыс шектеулі болуы керек. Пандемия жағдайы өте күрделі. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға мүлдем жауапкершілікпен қарамау аурудың өршуіне әкеп соқтырады, сіздердің денсаулықтарыңызға алаңдай отырып, азаматтарымызды осы талаптарды сақтауға, мұқият болуға шақырамын.
Жұмысынан айырылған адамдар бар, ол үшін арнайы «Еңбек» бағдарламасы, барлық мүмкіндіктерді ұсынатын жұмыспен қамту орталықтарына хабарласуды ұсынамыз. Бұл ашық вакансиялар, бизнесті бастау үшін жеңілдетілген шағын несие, гранттар, оқыту, бір жылға дейін уақытша жұмыс орындарын ұсыну. Сондай-ақ, адамдарға электрондық еңбек биржасын пайдалануды ұсынамын, онда 77 мың бос жұмыс орны бар, сіз өзіңізге керек бір жұмыс таба аласыз», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.
Еңбек министрлігінің мәліметі бойынша, жұмыспен қамту орталықтарында 320 мың адам бар, оның 181 мыңы жұмыссыз, қалғаны жұмыс іздеушілер ретінде тіркелген.
Бұған дейін министрлік маусым айында елде 700 мыңнан астам адам жұмыссыз қалды деп мәлімдеді. Сонымен бірге, мамырда 1 миллион 140 мыңға жуық қазақстандық жұмыссыз деп саналды.