Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне Bek Air компаниясының рейстеріне билет сатып алып, кейін ақшасын қайтара алмаған тұтынушылардан шағым түсуде.
17-маусым күні Комитет сотта жеңіске жетсе де, артынша құқық бұзушылықтардың орын алғаны туралы арыздар түсіп жатыр екен. Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті қазақстандықтардың құқығын соңына дейін қорғауға әзір. Тіпті, жауапкер тарап шығындарды өтемеген жағдайда Алматы қаласы тҮріксіб аудандық сотына екінші рет шағым түсіруге мүдделі.
Арыз беру үшін төмендегідей талаптар орындалуы керек:
- жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;
- төлем жасағаны туралы құжат көшірмесі;
- билет көшірмесі;
- арызданушының банк реквизиті туралы ақпарат.
Арызды төмендегі мекен-жай арқылы беруге болады:
- электронды үкімет порталы;
- kzpp_bot телеграм арнасы.