Қазақстанның ұлттық табиғи байлығы саналатын “Іле–Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне” қарайтын Алмарасан, Үлкен Алматы көлі, Ассы үстірті, Есік және Солдат шатқалдары және тағы басқа ұлттық паркке қарайтын табиғат байлықтары “КУЛТАУ И К” ЖШС 49 жылға жекеменшікке жалға берілген. Бұл туралы “Іле–Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің” сайтында:
“Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ҚР ЭГжТРМ “Іле–Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі” РММ 2020 жылдың 13 наурызында өзара байланысты туристік объектілер кешенін ұсынатын № 1 лот бойынша экологиялық туризмді дамыту мақсатында туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ұлттық парк учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беруге тендер өткізді (2020 жылдың 12 ақпанындағы № 29 (29758) Егемен Қазақстан газетінен оқи аласыз).
Тендер комиссиясының шешімі бойынша №1 лоттың жеңімпазы болып жалғыз қатысушы «КУЛТАУ и К» ЖШС жарияланды” делінген.
Ашық дереккөздерде «КУЛТАУ и К» ЖШС 5 адамға дейін жұмыс істейтін, 2004 жылы тіркелген кішігірім ұйым деп көрсетілген. Ұйым басшысы – Гужавин Александр Олегович. Бұл адам сондай-ақ, көтерме саудамен айналысатын “АС-АЛТЫН” ЖШС-ның да басшысы ретінде көрсетілген.
Ал тендер қортындысында көрсетілгендей, «КУЛТАУ и К» ЖШС 49 жылға жалға алған ұлттық парк телімдерінде экотуризмді дамытпақ көрінеді.