Төтенше жағдай кезінде үкіметтен 42 500 теңге жәрдемақыны алмағандар алуы ықтимал. Өйткені, қазір жауапты мекемелер ережелерді қайта қарау жұмыстарын жүргізуде. Өтінішті қайта қарау үшін төмендегі жауапты ұйымдар аудандық немесе қалалық штабқа хат жолдауы тиіс:
Жұмыс берушілер: жәрдемақы ала алмаған орта және шағын бизнес қызметкерлері үшін, ірі кәсіпорындардағы жұмысшылар үшін, коммерциялық емес заңды тұлғалар үшін өтініш білдіреді.
Өз-өзін қамтамасы ететін азаматтар: жәрдемақы ала алмаған жеке кәсіпкерлер, жеке тәжірибемен шұғылданып жүргендер, бірыңғай әлеуметтік жарна төлеген азаматтар, азаматтық-құқықтық келісімшарт арқылы жұмыс істеп жүрген азаматтар өтініш білдіер алады.
Қажетті құжаттар тізімі төмендегідей: Жұмыскерлері үшін құжат өткізетін жұмыс берушілерге қажет құжаттар:
- ақысыз демалысқа жіберу туралы бұйрық;
- ТЖ кезінде кірістің тоқтағанын куәландыратын құжаттар (қаржылық есеп, банк шоттарының көшірмесі, бухгалтериялық баланс);
- мемлекеттік кіріс органдары қабылдаған декларация (форма 200).
Өз-өзін қамтамасыз ететін азаматтар үшін:
- мемлекеттік кіріс органдары қабылдаған декларация (форма 200).
- ТЖ кезінде кірістің тоқтағанын куәландыратын құжаттар (қаржылық есеп, банк шоттарының көшірмесі, бухгалтериялық баланс).
Азаматтық-құқықтық келісішарттар арқылы жұмыс істеген азаматтар үшін:
- қызмет көрсету туралы келісімшарт.
Осы құжаттарды өткізгеннен кейін жауапты мекемелер өтініш білдірушінің жәрдемақы алуға құқылы немесе керісінше екенін анықтайды.
Карантин талаптарына сәйкес, адамдарды жаппай жинамау үшін өтініштер 2020 жылдың 1-желтоқсанына дейін қаралады.