Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус жұқтырған азаматтарының саны шектен тыс артып кеткендіктен Бразиялияны инфекцияның жаңа ошағы деп таныды.
«Оңтүстік Америка елдері пандемияның эпицентріне айналып бара жатыр. Біз науқастардың саны қандай жылдамдықпен артып келе жатқанын көріп отырмыз», - деді ұйымның төтенше жағдайлар жөніндегі басшысы Майкл Райан.
Қазір Бразилия науқастар саны бойынша әлемде үшінші орында тұр. бұл елде 314 мыңнан астам адам инфекция жұқтырып, 20,2 мың адам қаза тапқан. Перуде 108 мың адам ауырып, 3,1 мың адам қайтыс болған. Ал Чилиде коронавирус 61,8 мың адамды қамтып, 630 адамның өмірін жалмаса, Эквадорда 35,8 мың адамнан инфекция табылып, 3 мыңнан астамы о дүниеге аттанған.