«Тенгизшевройл» компаниясы бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың мұнай-кен орынын коронавирус жұқтырғандардың саны артуына байланысты жабу туралы мәлімдемесіне жауап беріп, құптамайтынын жеткізді.
Компанияның баспасөз қызметінің айтуынша, компания қазір өндірістік жұмыстарды уақытылы орындап отыр. Сондай-ақ, өндірістің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етуді көздейді-мыс.
«ПБР-ПУУД жобасының жүзеге асырылу көрсеткіші 77 пайызды құрайды. Өз кезегінде «Тенгизшевройл» жобаның жүзеге асырылуын және өндірістің қауіпсіздігін қорғау мақсатында жұмысын жалғастыра береді», - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова біршама уақыт бұрын Теңіз мұнай-кен орынын жабу ықтималдылығы туралы мәлімдеме жасаған еді.
«Атырау облысындағы Теңіз мұнай-кен орынында науқастар санының артуына байланысты үкіметтік комиссия жіберілді. Тексеру қорытындысында кен орынының жұмыс істеу жоспары мен кестесі құрылды. Бұл шаралар инфекцияның одан әрі таралмауының алдын алуға бағытталған. Бекітілген жоспарларды қатаң сақтау талап етіледі. Кері жағдайда кен орынын жабуға мәжбүр болуымыз мүмкін», - деді ол.
Қазір Теңіз мұнай-кен орынында 730 адам коронавирус жұқтырған. Қазір қалашықтарда ұйымдастырылған инфекциялық стационарларда 241 адам ем алып жатыр.