Алматыда дүкендер мен түрлі қызмет көрсететін орындарда ТЖ аяқталған бойда баға аспандап кетті. 11-мамырдан бастап қала тұрғындары тауарлардың қымбаттағаны туралы шағым түсіруде. Кейбір мини-маркеттер мен сән салондары бағаларды 10-20 пайызға көтеріп жіберген.
Қаладағы осындай дүкендердің бірінің иесі Наталья Кирилова бағаны көтеруге мәжбүр екенін айтып ақталады.
«Бізге тауар жеткізуші компаниялар 15-20 пайыз қымбат әкелуде. Ал біз пайда көру үшін болар-болмас баға қостық. Себебі неде? Біз білмейміз, мүмкін доллар курсының көтерілгенінен шығар, ешкім шығынға қалғысы келмейді», - дейді ол.
Карантин салдары шаштараздарды да ай налып өтпеді. Жай ғана шаш қысқарту үшін үш мың төлеуге міндеттісіз. Ал шаштараздар бұл бағаның көтерілмеуіне кепілдік жоқ екенін айтады.
Үкімет нарықтағы әлеуметтік маңызы бар заттардың ғана бағасын реттей алады. Қалғандарына жағалғандарына жағдайды түсіндіріп, орта бағаны ұстауға кеңес беруге ғана қауқарлы. Заң солай.
«Кәсіпкерлер екі ай бойы жұмыс істеген жоқ. Ендігі уақытта олар айырылған кірісін қалпына келтіруге жұмыс істейді», - дейді «Адал» тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестік президенті Артық Сейтқалиева.
Ең алдымен, кәсіпкерлер тұралап қалған жұмысты тұтынушылар ықпалымен қалпына келтіруге тырысады.