Қазақстанда коммуналдық төлемдер үшін мемлекет тарапынан берілетін 15 мың теңге көлеміндегі жәрдемақыны алатын азаматтар санаты артты. Бұл туралы Индустрия және инфраструктуралық даму министрлігі мәлімдеді.
Коммуналдық төлемдер үшін берілетін 15 мың теңге көлеміндегі жәрдемақыны келесі санаттағы азаматтар ала алады:
- 1, 2, 3-ші топтағы мүгедектерге;
- ҰОС ардагерлері мен мүгедектері, және осы санатқа теңестірілген азаматтар;
- мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- көпбалалы отбасылар;
- минималды зейнетақы алатын зейнеткерлер, жалғызбасты зейнеткерлер;
- қызмет барысында қаза тапқан мемлекеттік қызметкерлердің отбасы;
- атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар.
Аймақ әкімдіктері басқа да санаттағы мұқтаж адамдарды қосу мүмкіндігін қарастырады.