Бұл есепті шығару үшін тен онлайн-кассалық аппараттары бар нысандар ғана қамтылды. Ал мұндай аппараттары бар шаштараздар елдегі барлық шаштараздың он пайызы ғана екен. Дегенмен, дәл осы он пайыз екі тәулік ішінде 50 миллион теңге қаражат тапқан.
Шаштараздар ашылған бетте ер адамдар бірінші ұмтылды. Шаштары өсіп, түрлері қашқан оларды алда үлкен тосынсый күтіп тұр еді.
«Негізгі бағасы екі мың еді, бүгін бес мың теңгеге шаш қысқарттым. Таксимен келіп-кеткенімді қоссақ, 7 мың теңге шығын болады», - дейді елорда тұрғыны Бекхан Салықов.
Ал әйелдер шашын қысқарту карантинге дейін екі мың теңге көлемінде болған. Қазір шеберлер сіздің шашыңызды 5 мың теңгеден арзан бағаға қысқартпақ емес.
«Меніңше, шаштараздар ғана қымбаттаған жоқ. Біз бұл жерде еңбегімізді сатамыз. Қазір барлық қажеттіліктер қымбаттап кетті. Сондықтан, бағаны көтеруге мәжбүрміз», - дейді кәсіпкер Анар Кешубаева.
Екі тәулікте Нұр-Сұлтан қаласындағы кәсіпкер 1,7 миллион тапса, екінші орында 1,4 миллион теңге табыспен алматылық кәсіпкер тұр. Шымкенттік шаштараз иесі екі күнде 1,3 миллион теңге тауыпты.
Елімізде 17 мың шаштараз жұмыс істеп тұр. солардың әрбір оныншысы ғана заң жүзінде, яғни, кассалық аппаратпен жұмыс істейді.