Асқар Мамин Қарағанды облысына іссапармен барып, «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылу барысымен танысты.
Үкімет басшысы жалпы ұзындығы 363 шақырым болатын Қарағанды-Балқаш автожолының жөндеу жұмыстарымен танысты. Жөндеу жұмыстарына 1800 жұмысшы мен 900 техника жұмылдырылған.
Биыл жөндеу жұмыстарына өткен жолды ашып, 297 су құбырын, 17 көпір, сондай-ақ түрлі мақсаттағы өткелдер салу жоспарланып отыр.
2020 жылы Қарағанды облысында «Нұрлы жол» мембағдарламасының аясында 800 шақырым жол жөнделмек.
Асқар Мамин Балқаш қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үйлер мен әуежайдың жөндеу жұмыстарының құрылысымен танысты. Премьер-министр аймақтың туризм саласын дамытуға тапсырма берді.
Үкімет басшысы Балқаш қаласында болып, Kazakhmys Smelting ЖШС мыс балқыту зауытының өндіріс барысымен және кәсіпорынның одан әрі даму жоспарларымен танысты.