Қазақстан тауарлары шетелдік нарықты бағындырғаны туралы ақпарат баршамызға қызық һәм тосын. Ал отандық бағалы заттар мен әшекей бұйымдарды шетел азаматтары талап алады екен. Күміс бұйымдарды Ұлыбритания мен Үндістан, алтынды Қырғызстан сатып алуда.
Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі екі ай көлеміндегі сауда айналымының көрсеткіші қолжетімді. Қазақстанға бағалы заттар Ресейден көп әкелінеді. Екі айдағы құны – 5,7 миллион доллар. Ал одақтан тыс елдерден Италия, Таиланд, Қытай, АҚШ, Швейцария сынды мемлекеттерден бағалы бұйымдарды сатып алады екенбіз.
Қазақстан бағалы заттарды сатып алса да, экспортқа дәл осындай бұйымдарды шығарып отырады. Ұлыбританияға, Үндістанға күміс өнімдерін жіберсек, Швейцарияға әшекей бұйымдар, Тәжікстанға монеталар, Қырғызстанға алтын сатып отырмыз.
Швейцария Қазақстаннан 11,6 миллион долларға әшекей бұйымдар сатып алған. Ал бізден алтын мен күмісті тікелей сатып алатындар саны көп.