Бүгін Орталық сайлау комитетінің отырысы өтіп, «ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы» қаулы қабылданды.
Парламент Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызының депуттатық өкілеттігін тоқтату туралы шешім ҚР Конституциясының 52-бабының 5-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасының Парлементі және депутат статусы туралы» заңның 5-9 тармағына сәйкес қабылданды.
Еске сала кетейік, 2-мамыр күні мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылған.