ОПЕК+ келісімінің аясында Қазақстан екі ай ішінде мұнай шикізатын өндіруді 9,7 миллион баррельге қысқартады. Демек, күніне бұрынғыдан 360 мың баррель мұнай аз өндіріледі.
Мұнайға деген сұраныстың күрт азаюнынан елімізде сұйық отын қоры шектен тыс көп. Тіпті, үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында мұнай қоймалары толып қалуы ақтимал деген қауіп бар. Бұл – қазақстандық мұнай-кен орындарының апатты жағдайда тоқтауына себеп болатын фактор.
«Осы орайда Үкімет министрлікпен ақылдаса отырып «Барлау, өндіру және көмірсутегі шикізатын өндіру жөніндегі операцияларға жер қойнауын пайдалануға уақытша шектеулер енгізу туралы» қаулы қабылданды.
Мұнай өндіруге қойылатын шектеулер кіші, үлкен және алып кен орындарының көлеміне қарай бөлінеді», - деп мәлімдеді Энергетика министрлігі.
Сондай-ақ, бұл шектеулер мұнай өндірумен айналысатын ұсақ компанияларды айналып өтпекғ. Өйткені, ұсақ компаниялар сұраныстың азаюынан жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр екен.
«Аталған қаулы барлық компанияларға, Қазақстан нарығын мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету міндеттемесін есептегенде, тиісті. Сондай-ақ, қысқарту мөлшері компания көлеміне қарай әділ түрде бөлінуі тиіс», - деп хабарлады министрлік.
Еске сала кетейік, ОПЕК+ келісімінің мүшелері мамыр-маусым айларында мұнай шикізатын өндіруді азайтуға шешім қабылдаған. Себеп – сұраныстың аздығынан мұнай қоймаларының толып қалу қаупі. Қазақстан бұл шешімді қолдап, өз міндетін орындауға уәде етті.