Уханьдағы врусология институтының директоры Юань Чжимин коронавирусты қолдан жасады деп айыптаушыларға жауап берді.
«Бұл вирустың біздің орталықпен ешбір байланысы жоқ», - деді профессор. Оның айтуынша, вирустың адам қолымен синтезделгені туралы ешқандай нақты айғақ жоқ.
«Кейбір ғалымдар вирусты синтездеуге алапат интеллект пен еңбек керек екенін айтады. Ал мен осы күнге дейін адам қолымен вирусты жасауға болады дегенге сенген емеспін», - деді ол.
Юань Чжимин коронавирусты қолдан жасады деген ақпаратты негізсіз болжам деп есептейді екен. Институт басшысы зертхананың Уханьда орналасуына байланысты пандемия аяқталмайынша бұл күдіктің сейілмейтінін жеткізді.
Сондай-ақ, институт директоры өз қарамағындағы қызметкерлердің ешқайсысы инфекция жұқтырмағанын сөз етті.
Еске сала кетейік, кеше француз вирусологы, Нобель сыйлығының лауреаты Люк Монтанье вирустың қолдан жасалғаны туралы мәлімдеме жасаған еді.