Қазақстандық экономикаға тықыр таяғанын, шетелден жаппай қарыз алынып жатқанын біреу білсе, енді білі бұл жаңалықтардан бейхабар. Біздің экономиканы не күтіп тұр?
Валюта нарығы
Ұлттық валютаны тұрақтандыру бойыша жасалған жұмыстардың нәтижесі көріне бастады. Доллардың бағасы 425,58 теңгеге дейін түсті. Бұл динамика доллар саудасын 55,2 миллион долларға дейін азайтты ( - 9,3 млн доллар). Демек, валютаны алыпсатарлық тәсілмен айналдырып жүргендер ойлана бастады.
Қазақастандағы қаңтар-ақпан айының сауда балансы 1 миллиард долларға дейін түсіп кетті, өткен жылдың аталған периодымен салыстырғанда. Бүгінгі сауда балансының жалпы көлемі – 4,4 миллиард доллар. Тауар экспорттаудың саябырсып қалғаны ( - 8,3 пайыз) және импорттың өсімі ( + 4,2 пайыз) байқалады. Ұлттық Банктің мәліметінше, қазақстандық экспорт тауарлары жылдамдық қоспаса, сұраныс пен баға төмендейді. Ал 2020 жылы қазақстандық экономика 2,5 пайызға дейін тұралайды. Ал әлемде күтілетін болжам – 3,0 пайыз.