ҚР Ақпарат және даму министрі Дәурен Абаев Алматы қаласында 20-сәуірден бастап кімге жұмыс істеуге рұқсат берілетінін айтты.
Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның шешімімен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 20-сәуірден бастап жұмыс басталады. Жұмысы басталатын ұйымдардың нақты тізімі 15-сәуірде жарияланады.
«Алматы қаласында сәуір ортасынан бастап өндіріс, қойма, құрылысқа қатысты жұмыстар қалпына келтіріле бастайды. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктер де сатылы түрде жұмысқа кіріспек. Бұған қоса, қызмет көрсету (ТЖО, шиномонтаж, көлік жуу, жөндеу жұмыстар) бағытындағы қызметтерге рұқсат беріледі», - деді Абаев.
Министрдің айтуынша, 20-сәуірден бастап Алматы бойынша 128 мың адам жұмысқа кіріспек.
«Қалған шектеулердің барлығы сақталады. Бұл рұқсат бәрі аяқталды деп көшеге шығып кету емес. Инфекция жұқтыру қаупі әлі де бар. Дерт жеңілген жоқ. Науқастар санының көбею уақыты әлі алды», - деді Абаев.
Оның айтуынша төмендегі нысандар карантин аяқталғанша жабық болмақ,
- балабақшалар мен үйірмелер;
- мектеп оқушылары сабақты қашықтан оқи бермек;
- барлар, түнгі клубтар, ойын клубтары, көңіл көтеру орталықтары, ЖОО-лар, театрлар, музейлер және кинотеатрлар.