ҚР Сыртқы істер министрлігінің айтуынша, Польша билігі Қазақстанға медициналық маскалар мен қашықтан оқыту үшін ноутбуктар жіберген.
«Бүгін отандық SCAT әуе компаниясының чартерлік рейсі арқылы Польшадан гуманитарлық көмек келді. Бірнеше мәрте қолдануға жарайтын медициналық масканың 100 мың данасы, сондай-ақ қашықтан оқитын оқушыларды техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін арнайы ноутбуктер жеткізілді», - делінген министрлік хабарламасында.
17-наурыз және 12-сәуір аралығында елімізге АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және БАӘ-ден гуманитарлық көмектер келген. Бұдан бөлек, Қазақстанға коронавируспен күресу үшін қытайлық дәрігерлер арнайы келсе, Израиль, Оңтүстік Корея және Жапония дәрігерлері онлайн режим арқылы өз тәжірибелерімен бөлісуде.