Италия пен Испаниядағы жағдайдың түзеле бастағанына қарап, арқаны кеңге салмау керек. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы шектеулерді алып тастайтын уақыттың әлі келмегенін ескертеді.
Коронавирус кей жерлерде әлсірегеніне қарамастан, біз оны жеңдік деп толық айта алмаймыз.
«Қазір қатаң шараларды азайтатын уақыт емес. Есесіне изоляция, карантин шараларын екі есе күшейте түсу керек. Мен барлық елдерді үш бағыт бойынша жұмысты күшейтуге шақырамын», - деді БӘДҰ-ның Еуропа аймақтық бюросының директоры Ханс Анри Клюге.
Оның айтқан үш бағыты мынау: біріншісі – медицина қызметкерлерін оқыту, үйрету, екіншісі - карантинді жалғастыру, үшіншісі – инфекцияға қарсы вакциналарды жасауға күш салу.
Кәрі құрлықтағы індет әлі шарықтау шегіне жетпепті-мыс. Мысалы, Италия мен Испания өз елдеріндегі жағдайдың тұрақтала бастағанын айтса, Түркия мен Швецияда эпидемия енді басталған.