Қазақстан ОПЕК+ ұйымының бейсенбі күні өтетін министрлік видеоконференциясына қатысады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі мәлімдеді.
«Қазақстан әрқашан ОПЕК+ Келісімінің жұмыстарына белсене араласып, өзіне жүктелген міндеттерді орындап келеді. Біз алдағы келіссөздерден кейін оң нәтиже болады деген үміттеміз», - делінген мәлімдемеде.
ОПЕК+ Келісімінің министрлік отырысында тараптар мұнай өндірісін баяулату арқылы бағаны тұрақтандыруды көздейді.
«Әлемдік мұнай нарығындағы балансты қалпына келтіру үшін ОПЕК+ елдері ғана емес, барлық мұнай нарығына қатысы бар мемлекеттер бірігуі тиіс», - дейді ҚР Энергетика министрлігі.
Жыл басында коронавирустың таралуына байланысты мұнай бағасы құлдыраса, жақында Ресейдің ОПЕК+ Келісімінен шығуы да біршама ауыр соққы болды. 2020 жылы мұнай жарты бағасына дейін арзандап кетті. Қазіргі уақытта лондондық биржаларда Brent бағасы 34 доллар көлемінде сатылуда.