ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында салынатын жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы туралы пікір білдірді.
«Біз қазір осы бағыт бойынша жұмыс істеп жатырмыз. 3-4 апта ішінде пайдалануға беріледі деп жоспарлап отырмыз. Бұл құрылыстағы негізгі мақсат – инфекциялық стационарлардағы төсек санын көбейту, алдын алу, дайын болу», - деді Біртанов.
Оның айтуынша, орта және ауыр жағдайдағы науқастар алдағы 3-4 апта бойы келеді. Сондықтан, қосымша орындар керек.
«Бізге орын керек. Қазір құзырымызда 3 500 инфекциялық орын бар. Бірақ оларды көбейту керек. Сондықтан үш қаладағы құрылыс арқылы 200-300 қосымша орын қарастырмақпыз», - деді министр.