Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мегаполис тұрғындарының коронавирус сынағын тапсыру барысы туралы айтып берді.
Оның айтуынша, Алматыда 10 мыңнан астам адам коронавирус тестін тапсырған, соның ішінде 91 адамның инфекция жұқтырғаны анықталды.
«Барлық науқастардың ішінде инфекцияның ауыр формасын қабылдағандар саны – жеті адам. Біз оларды мұқият қадағалап отырмыз. Сонымен қатар осы жеті адаммен жақын қарым-қатынас жасаған 109 адамды және байланыс жасауы ықтимал 539 адамды тіркеуге алдық. Десек те, байланыс жасағандар ішінде ешкім инфекция жұқтырмапты», - деді ол.
Оның айтуынша, қазір азаматтарды толық тексерістен өткізуге жан-жақты мүмкіндік бар. Тест-жүйелері жеткілікті екен.
«Қазір Алматыда коронавирустың 28 ошағы бар. Басында 42 болған, уақыт ете бірнеше үй ерекше бақылаудан алынды. Бүгінде науқастармен жақын байланысты болған 128 адам үйіне қайтса, күдікпен бақылауға алынған 580 адам жалпы байланыс тізімінен шығарылды», - деді Молдағасымова.