Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты жанармай бағасы арзандады. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында АИ-92 жанармайы 150 теңгеден, дизель 183 теңгеден сатылуда. Бұл баға «ҚазМұнайГаз» компнаиясына тиесілі жанармай бекеттерінде.
«ҚазМұнайГаз» бекеттерінде жанармай 2-9 теңгеге арзандаса, дизель бағасы 7-10 теңгеге түскен. Еліміздің қос мегаполисінде жанармай 150 теңгеден, дизель 183 теңгеден сатылуда. Ал басқа аймақтарда жанармай бағасы 150-155 теңге, дизель бағасы 182-186 теңге көлемінде.
«Жанармай бағасын анықтаған кезде PetroRetail компаниясы, ең алдымен, зауыттың сатып алу бағасын, сонымен қатар теміржолмен тасымалдау және мұнай өнімдерін мұнай базаларында сақтау шығындарын басшылыққа алады», - делінген хабарламада.
2020 жылдың басында Қазақстандағы жанармай акцизі 12 теңгеге қымбаттады. Сол уақыттан бері «ҚазМұнайГаз» желісіндегі жанармай бағасы толық акциздік бағаға көтерілмеген.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 31-наурыз күні Үкіметке ауылшаруашылық өкілдеріне дизельді 165 теңгеден беруді тапсырда. Бұл көмек үшін 390 мың тонна шамасында сұйық отын бөлініп отыр.
Сәуір айынан бастап Ресейден Қазақстанға теміржол арқылы жанармай әкелуге шектеу қойылды. Сондай-ақ, Қазақстаннан мұнай өнімдерін автомобиль арқылы шығару уақытша тоқтатылды.