Әлемде инфекция жұқтырған адамдар саны 785 709 адамға жетті. 30-наурыз күні бұл көрсеткіш 722 289 адам шамасында еді.
Қазір ең көп инфекция жұқтырған адамдар АҚШ азаматтары (164 274). Екінші орында Италия (101 739), үшінші орында Испания (87 956). Оның артын ала Қытай (82 240), Франция (45 170), Иран (41 495), Ұлыбритания (22 454), Швейцария (15 922) және Бельгия (11 899) келе жатыр.
ТМД елдерінің ішінде Ресей (1836) көш бастап тұр. Тізім бойынша мына елдерде жағдай айтарлықтай көп тіркелген: Украина (548), (Армения (482), Қазақстан (325), Әзірбайжан (273), Өзбекстан (149), Беларусь (152), Қырғызстан (94).
Қазіргі уақытта коронавирустан қаза тапқандар саны 37 686 адамды құрайды. Ал жалпы емделіп шыққандары саны – 165 837.