27-наурыз күні Қызылорда әкімінің ұсталғаны туралы ақпарат тарай бастаған еді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірқатар дереккөздері алаяқтығы үшін Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов ұсталды деген ақпарат жариялады», - деді белгілі инсайдер Ербол Еділов.
Бұдан бөлек, оның орынбасары Марат Делмұқанов пен әкімнің туысы, кәсіпкер Жеңісбек Ысқақов және Азат Досмаилов та тұтқындалған деген ақпарат бар.
Қуанышбек Ысқақов Қызылорда облысы әкімі қызметін 2019 жылдың 28-маусымынан бері атқарып келді.
Тілші Қызылорда облысы әкімдігіне қоңырау шалып, мән-жайды анықтамақ болды. Дегенмен тұтқаның арғы жағындағылар ақпарат беруден бас тартты. Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі ресми мәлімдеме жариялаған жоқ.