Полиция қызметкерлері мен арнайы техникалар Гоголь көшесіндегі көппәтерлі үйді қоршауға алды.
Қоршау түнгі сағат екі шамасында қойылған. Үйдің балкондары да, есіктері де тек бір жағында орналасқан.
Алматыда коронавирустың 11 ошағы табылғаны хабарланған. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бабақұмаров мәлімдеген еді. «Сұңқар» тұрғын үй кешенімен бірге Алматының «алтын квадратына» енетін үйлердің дені карантинге жабылды.
Осы сағатта коронавирус жұқтырғандар саны – 44 адам. Оның 19-ы Алматыда болса, 25-і Нұр-Сұлтан қаласында.