Дабыл жалғасуда: Қытай кімді құтқармақ?


Алдағы екі күн ішінде Қытай Халық Республикасы коронавирус өршіген Франция астанасы Парижге 2 миллион дана медициналық маска жеткізбек.

Толық жабдықталған әскерилер науқастарды Мелузадан Францияның оңтүстігіне тасымалдауда.

Бүгін ел президенті Макрон ешқандай журналистерді ертпей-ақ қала сыртындағы реанммациялық орталыққа барып, дәрігерлермен сөйлесті.

Ал экономика министрі барша қызметкерлерді жұмысын жалғастыруға шақырды. Ауыз суды тазарту, қоқыс жинау, агроөнеркәсіп сияқты қызметтер тоқтап қалмауы тиіс.

Сондай-ақ, Францияда 7 700-ден астам науқасты медициналық препараттармен қамтамасыз ету қиынға соғуда.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру