Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Еуропа кубогін алты медальмен аяқтады
Австрияның Грац қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогі өтті. Olympic.kz мәліметінше Қазақстан жастар құрамасы аталған доданы екі алтын, екі күміс және екі қола медальмен аяқтады.
Атап айтқанда, жастар ұлдар құрамасынан 60 келіде Нұрқанат Серікбаев, 66 келіде Нұрсұлтан Зайзағалиев жарыста қарсылас шақ келтірген жоқ.
60 келіде Мерей Марханбетов пен қыздар арасында 78 келіден жоғары салмақта белдескен Аида Тойшыбекова Еуропа кубогінің күміс жүлдесіне ие болды. Ал ұлдар арасында 81 келіде татамиге шыққан Максим Мейірлан мен қыздар арасында 63 келіде бақ сынаған Есмигүл Куюлова қоржынды қос қоламен толықтырды.
Нәтижесінде, Қазақстан жастар құрамасы Австрияда өткен Еуропа кубогін жалпыкомандалық есепте Жапониядан кейінгі екінші орынға тұрақтады.
Басып шығару