АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс салдарынан болатын қарым-қатынастың салқындығы аталған аймақтардағы сауда-саттық ісіне кері әсер етуі мүмкін. Қазақстан АҚШ-қа не экспорттауы мүмкін? Бұл сұрақ көптің қызығушылығын туғызады.
Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара сауда-саттық айналымы 2019 жылдың қаңтар-қараша айларында 2,1 миллиард долларды құраған. Экспорт көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 2,5 пайызға өсіп, 851 миллион долларға артты. АҚШ-қа жөнелтілетін дүниелердің дені мұнай, ферроқорытпалар, табиғи уран, ұшақ, титан және күкірт болған.
Ал импорт 6,3 пайызға өсіп, жалпы көлемі 1,2 миллиард долларға дейін жеткен. АҚШ-тан Қазақстанға турбореактивті қозғалтқыштар, құс еті, көлік, медициналық аппараттар, дәрі-дәрмек, өлшеуіш құралдар мен қара металлдан жасалған заттар тасымалданған.
Басып шығару