ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда полиция қызметкерлерінің жалақысы көтерілетінін айтты.
– Біз жалақының өте төмен екенін айтқымыз келді. Осыған байланысты мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз 2019 жылдан бастап жалақыны кезең-кезеңімен көтеріп жатырмыз, 2023 жылға дейін қызметкерлердің жалақысын 50 пайыздан 90 пайызға дейін көтереміз. Сержанттың жалақысы 81 мыңнан 101 мың теңгеге дейін, лейтенанттың жалақысы 130 мыңнан 174 мың теңгеге дейін өседі, – деді Тұрғымбаев Мәжіліс отырысында.
Еске салсақ, бұған дейін 2020 жылы қазанда Тоқаев үш жыл ішінде полиция қызметкерлерінің жалақысын 30 пайызға көтеруді тапсырған еді.
Басып шығару