Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады. Жанат Қалдыбекович өз кезегінде мемлекет басшысына агенттік жұмыстары туралы баяндады.
2021 жылдың сегіз айында 1508 экономикалық құқықбұзушылық әшкереленген, оның ішінде 803 іс ауыр және өте ауыр қылмыс санаттарына жатады. 36 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілген. 26 заңсыз алкоголь өндіруші орынның, тағы да 224 заңсыз өндіріспен айналысқан мекеменің жұмысы тоқтатылды.
Агенттік төрағасының айтуынша, соңғы төрт жыл ішінде «көлеңкелі» экономика 29 пайыздан 20 пайызға дейін төмендеген. Президент алдағы үш жыл ішінде «көлеңкелі» экономика көрсеткішін айтарлықтай төмендету мақсатында Кешенді жоспар құруға тапсырма берді.
Жанат Элиманов әлеуметтік маңызы бар салаларда қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқаны туралы айтты. Оның ішінде, азық-түлік бағаксының көтерілмеуін қамтамасыз ететін тұрақтандыру қорларына бөлінген бюджеттік қаражатты жымқыру жөнінде бес факт анықталған. Сонымен қатар, Қызылорда мен Таразда газды тасымалдау тарифін көтеру фактілері анықталып, жолы кесілген. 376 миллион теңге шығын келтірген мамандандырылған балалар және әлеуметтік-медициналық мекеменің жауапты тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жұргізіліп жатыр.
Кездесу соңында мемлекет басшысы агенттік төрағасына бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Басып шығару