Шымкент қаласында Қаржы мониторингі агенттігі Түркістан облыстық әкімдігінің Білім басқармасы Әдістемелік орталығының басшысы мен екі қызметкеріне қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу үстінде.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының тұрғыны да іске қатысты деп айыпталған. Олар 36 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған деп күдікке ілініп отыр.
«Қаражат орта мектепте және колледжде оқитын жасөспірімдерді республикалық спорттық іс-шараға дайындау барысында тамақтандыруға жоспарланған. Жымқыру процесі спортшылардың қолын қою арқылы жүзеге асырылған. Яғни, бюджеттен қаражат бөлінген, ал дайындық жұмыстары өз деңгейінде атқарылмаған», - деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
Агенттіктің мәліметіне сүйенсек, тергеу барысында күдіктілер Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлеріне ақтап алу үшін 6 миллион теңге пара беруге ықыласты болыпты.
Әдістемелік орталықтың қызметкерлері қылмысы әшкереленген жағдайда 2-7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қалалық прокуратураның құзырында екен.
Басып шығару