Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау нысандарының нәтижесі көңіл көншітпейтінін айтты. Перзиденттің айтуынша, жұқпалы аурулар орталықтары ғана стандарттарға сай келеді.
Менің тапсырмам бойынша өңірдегі денсаулық сақтау нысандары тексерілді. Оның нәтижесі көңіл көншітпейді. Жаңадан салынған модульді жұқпалы аурулар орталықтары ғана стандарттарға сай келеді, - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы былтырғы жазда болған жағдайдың қайталануына жол беруге болмайтынын да жеткізді.
Былтырғы жазда болған жағдайдың қайталануына жол беруге болмайды. Денсаулық сақтау жүйесінің бір қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Өкінішке қарай, осы мәселеде олқылықтар барБірнеше айдың ішінде жаңа инфекциялық ауруханалар салынды, қажетті құрал-жабдық сатып алынды, дәрі-дәрмек қоры жасақталды. Медицина қызметкерлерін де оқыттық. Енді, осының бәрін дұрыс әрі тиімді пайдалану керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.