Зейнетақы жарнасын 5 пайызға дейін түсіру мәселесі 2023 жылға дейін шешімін табуы неғайбіл. Бұл туралы Ұлттық кеңестің отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
«Бүгінге дейін адамдар зейнетақы туралы ойланып жүр. Олар өз жалақыларынан тек 5 пайыз ғана бергісі келеді», - деді мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, Ұлттық кеңес мүшелері бұл мәселеге бір-екі жылдан кейін ғана оралады.
«Біз бұл мәселені 2023 жылға дейін тоқтата тұруға мәжбүрміз. Әрине, әлеуметтік-экономикалық сұрақтар бойынша Ұлттық кеңес мүшелері бұл мәселені қазірден қарай бергені дұрыс», - деді Тоқаев.