Қазақстандық компания енді ВИЧ-ке қарсы дәрілерді 10, тіпті 20 есе қымбатқа сатып алған. Бұл жөнінде арнайы жұмыс кеңесінде айтылды.
Онлайн жиында бірыңғай дистрибьютрдың қызметі мен бюджет қаражатын жұмсауы талқыланған еді. Оған қатысқан мәжіліс депутаты 900 теңгенің дәрісін 20 мың теңгеге, 3 мың 300 теңгенің дәрісін 33 мың теңгеге сатып алу жағдайларын мысалға келтірді.
"СК-Фармация дәрілердің бағасын көрсетпей отыр. Оны ішкі тәртіпке байланысты деп түсіндіреді. Бірақ бұл сатып алу процестері мемлекеттік бюджет есебінен жүреді. Халықтың ақшасы. Сондықтан барлығы жариялы болу керек. Байқаулардың барысы ашық көрініп тұру қажет.", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ерлан Смайылов.
Дереккөз: 24.kz
Басып шығару