Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының басшыларын қабылдады. Кездесуде қолма-қол ақшасыз төлем көлемінің өсуі және оның қолданылу аясын кеңейту, компания мен мемлекеттік цифрландыру жобаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды
«Кездесуде Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның қазіргі жұмысы мен жетістіктері туралы айтты.
Президентке ірі жаһандық инвесторлардың Қазақстанға деген қызығушылығы артқаны жөнінде мәлімет берді. Бұған Kaspi.kz акцияларының Лондон қор биржасына ашық түрде сәтті орналастырылуы себеп болды»,- делінген хабарламада.