Mazir
25 дек 14:38korilim:912 Ekonomika

Мемқызметкерлердің шетелдегі шоттарын жабуға алты ай уақыт берілді


Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі онлайн брифингте мемлекеттік қызметкерлердің шетелдік банктегі шоттарына тыйым салуға қатысты заңнамаға енгізілген қосымшаны түсіндірді. Шенеуніктерге өзге елдердергі шоттарын жабуға жарты жыл уақыт берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік кеңесшісі Анар Жарова шоттарға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қосымша 2020 жылғы 19 желтоқсандағы заңмен қабылданғанын еске салды. 

Оған сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерге, парламент депутаттары мен судьяларға шетелдік банктерде шот иеленуге тыйым салынған. 

"Мемлекеттік қызметкер лауазымға тағайындалған соң оларға шетелдік шоттарын жабуға алты ай уақыт беріледі. Бұл қазіргі қызметтегі мемлекеттік қызметкерлерге де қатысты. Оларға да Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстаннан тыс жерде орналасқан шетелдік банктердегі шоттарды жабуға 6 ай берілетін болады", - дейді Анар Жарова. 
Мемлекеттік қызметкерлер кей жағдайда, оның ішінде мұраға ие болған кезде шетелдік банктерде шот иеленуге құқылы. 
Мұндай жағдайларға келесілерді жатқызуға болады: Шетелде оқу, жұмыс істеу, тәжірибеден өту, іссапарда болу немесе ем қабылдау және кәмелет жасына толмаған баланың ресми өкілі ретінде шетелде болу. 

"Бұл қызметтер тоқтатылғаннан кейін, мысалы, шетелдік іссапардан, оқудан және т.б. оралған күннен бастап мемлекеттік қызметкер 6 ай ішінде шетелдік банкте ақшаны сақтауды тоқтатуға міндетті. Бұл талап пен мерзім мұраға ие болған жағдайда да қолданылады" ,- дейді агенттік кеңесшісі. 
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15