Түркістан облысының орталығы – Түркістан қаласындағы жаңа әуежай ғимараты әлемдегі ең жылдам құрылыс ретінде Гиннес рекордтар кітабына енуі ықтимал. «Инвестор бұл құрылысты Гиннес рекордтар кітабына тіркеуге ұсыныс жасамақ. Айта кетерлігі – құрылыс жылдамдығынан Hazret Sultan Airport (HSA) әуежайының сапасы нашарламаған. Құрылыс барысын елордадан келген делегация тексеріпті. Ұшып-қону жолағының ұзындығы үш шақырымға таяу, ал оның астында шебін мен құмды есептемегенде бір жарым метр бетон, жарты метр асфальт бар», - деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.
Құрылысшылардың айтуынша, ең ірі ұшақтардың өзі бұл әуежайға қиындықсыз қонады екен.
Ғимарат құрылысы осы айдың аяғына дейін аяқталса, келесі жылдың қаңтар айынан бастап жолаушылар түркі дүниесінің мәдени-рухани орталығына ұшып келе алады.
Hazret Sultan Airport – Қазақстан егемендік алғалы бір жыл ішінде құрылысы аяқталған бірінші әуежай.
Басып шығару